file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  108


Автор: Шөмішбай Сариев

Жер жаһанды жаратқан ғой

Жер жаһанды жаратқан ғой
кең Құдай,
Қазақтың да көңілі кең,
бер Құдай.
Тіл мен көзден сақтай көрсін,
бір Алла,
Даламыздың,
Даламыздың кеңдігі-ай!
Жұмбағы көп шексіз әлем көк біздей,
Айқұш-ұйқұш жолдар жатыр текті іздей.
Даламыздың өлшемі бар көк жиек,
Жақындасаң алыстайды жеткізбей.
Көшіп-қонып, ғұмыр кешкен, бөрі елім,
Көкжал-Барыс мінезіндей өр едің.
Қыран құстың қанатын да талдырған,
Қайран далам, неткен ұлы, кең едің?!
Сол қазақтан жаралдым ғой мен де бір,
Сол қазақтан жаралдың ғой сен де бір.
Кең көсілген даласындай кең көңіл,
Қазағымды таныт енді Ей, Дәуір!
Талай елім көздің жасын төкті ғой,
Осы дала арқасында жетті ғой.
Айдалада бір қазаққа бір қазақ,
Жанына кеп: «Ары отыршы!» – депті ғой!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу