file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  118


Автор: Шөмішбай Сариев

Быт-шыт болар бар сенім

Быт-шыт болар бар сенім,
Қаһарлы ханның билігі қиын.
Қию қашқан нәрсенің,
Икемге келіп, илігуі қиын.
Қол жайып ғайыппен қалмасаң,
Қаһарлы хан қателікті кешірмес.
Жан-жақты барлап байыппен бармасаң,
Түбірлі істің түйіні шешілмес.
Дарияның арнасын біліп ақпасаң,
Өмірдің ағысы – аға ма бекер.
Заманында бір патшаның тілін таппасаң,
Бір қолың – жағада, бір қолың сағада кетер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу