Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.09.2023
297

Қыс
Қалтыратып Алма ағашты мұздатып,
Қайың-терек денелерін сыздатып.
Қар жамылып жер үстінде қыс жатыр,
Төсегінен тұрар емес мұз қатып.
Білмейді ол суық-аяз жасуды,
Жаратпайды жайлы сөзбен басуды.
Қатып-семіп сақалы-мұз қыс мұртты
Қарлы-боран соқтырардай ашулы.
Аппақ қардан орнатқандай үкі бақ,
Жалаңаш тал, үсітердей құтынап.
Дауыл боран мінгізгендей бір кәріне,
Қыс көзі тұр терезеден шытынап.
Өлермен бұл қыстың ызғар аптығы-ау,
Гүлдеп нәзік жатушы еді бақ мынау,
Кең далада шалқасынан бір қыс жатыр
Қыс кірпігі қатып қалған ақ қырау.
Өзен-көлде мұз қатса да батпандай,
Дегенменен, қыс көңілі ақ қардай.
Қаншама ызғар болсадағы қыс бірақ,
Жер анасын демалдырып жатқандай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇