Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  337


Автор: Шөмішбай Сариев

Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған

Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған
АЛДИЯР немереме
Мен ШӨМІШБАЙ болғалы,
Басыма бақ қонғалы,
Алғаш рет атымды,
ФАМИЛИЯ етіп қойғалы,
Төбем көкке жеткендей,
Қасиеттеп қастерлеп,
Қалың қазақ орманы,
Мен ШӨМІШБАЙ болғалы.
Құстай талай самғадым,
Жанды жарық шамдарым,
Аққан дария сарқырап,
Шықты алдымнан жарқырап,
АЛДИЯР боп арманым.
Аман бол деп нұрлы ізім,
Жарық биік жұлдызым,
Көрдім көкте жанғанын,
Құстай қайта самғадым.
Бұл да өмірдің бағы ғой,
Көзімнің қара, ағы ғой,
Толқитын жүрек шағы ғой,
Сағымнан жеткен сәуледей,
Шырағын жақты жаныма ой.
Өркен жаяр қанатын,
Бала өмірдің балы ғой,
Әлпештесе атыңды,
Бұл да өмірдің бағы ғой.
АЛДИЯР атың, ал, тақсыр,
Бақ қонсын патша, болыстай,
Алатаудай даңқың бар,
Қазақ деген халқың бар,
Өмір бәйге жарыстай,
Айналайын, АЛДИЯР,
ФАМИЛИЯҢ СЕНІҢ –
ШӨМІШБАЙ!
Айналайын, АЛДИЯР,
Жанарда тұнған сан қиял,
ҚАРАКӨЗ, АЙША, ГАУҺАРДЫҢ,
ЗЕЙНОЛЛА мен МЕДЕТТІҢ,
НАЗАРБАЙЫМ бауыры –
Немеремсің жетінші,
Атымды алған АЛДИЯР,
Биік болып тұғырың,
Ұзақ болып ғұмырың
Бақытты бол, АЛДИЯР!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу