file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  260


Автор: Шөмішбай Сариев

Алпыстан соң – әр күніміз бағалы

Алпыстан соң – әр күніміз бағалы,
Жүректерде бір-бір жұлдыз жанады,
Шығып алып алты асқардың шыңына,
Жанарымыз таудан төмен қарады.
Алпыстан соң – қымбат екен әр сағат,
Қайда барсаң – төрмен бізді қарсы алад.
Дариялардың ағысындай сан жылдар
Қалай өтті, қайран жүрек тамсанад!
Алпыстан соң – асыл екен әр минөт!
Тәтті болып кетеді екен жан кенет.
Достар керек қастерлейтін әр кезде,
Сені әр кез баптай-тұғын жар керек.
Кеудемізден қаншама бір күй ақты,
Төбемізден жұлдыздар да жиі ақты
Аман-есен алты асуға жеткесін,
Алпыс деген елу тоғыз сияқты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу