file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  08.09.2023
  234


Автор: Шөмішбай Сариев

Жаңбыр жауды. Дала мұнар

Жаңбыр жауды. Дала мұнар,
Көңілім менің дала құмар.
Жазған сайын ашылатын,
Әр сезімнің парағы бар.
Жаңбыр жауды. Нөсерледі,
Адам нұрсыз өсер ме еді?
Алай-бұлай басты ұрады,
Бұл өмірге төселгелі.
Жаңбыр жауды. Жаныма ыстық,
Жастық кезде алып ұштық.
Махаббаттың шарттарының,
Ғашық болып, балын құштық.
Жаңбыр жауды. Желге ұласып,
Бұл өмірге менмін ғашық.
Ақын болдым арқаланып,
Дүниеге келдім тасып.
Жаңбыр жауды. Жырға айналып,
Не жазды деп тұр ғой халық.
Мендей мұнар ақын болып
Бұлтты аспаным бірге ойланып.
Қос ішек ұмытыппын сәл бұрауды,
Домбыраммен ән-күй ауды.
Ағыл-тегіл нөсерлеп бір,
Жүрегімде жаңбыр жауды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу