Өлеңдер ✍️
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік!
Мен сені,
Алатау шыңынан көрдім,
Желтоқсанда қара жамылған
Қазақ жастарының
мұңынан
көрдім.
Жәудіреп жанарлары ұрып-соғыла
Айдалып түрмеге жатқанында,
Ұлы көштің соңынан ердім.
Тәуелсіздік! Мен сені
Алматыны
көз жасынан
көрдім,
Өзге емес,
мен сені
өз басымнан
көрдім.
Бабалар күткен баяғыдан,
Жиырмасыншы ғасырдың
аяғынан,
Бұл ғасырға – Сол
ғасырдан
ендің.
Тәуелсіздік!
Мен сені
Қорқыт бабамның аңыраған
Қобызынан
көрдім,
Ұлы Далам мен
Домбыраға сендім.
Қобыз бен Домбыраның
шегін созып
Сен солай бүгінге келдің.
Желбіреген
Түрмеде отыра түбінде жендің.
Тәуелсіздік!
Рысқұлбеков болып
отырған да сенсің,
Тайсалмай
ажал оқтан аһ ұрған да
сенсің
Кеңес өкіметін күйретіп,
келмеске батырған да
сенсің,
Алаңға жайқалған жас ұрпақты
Жаңғыртып Алатау,
шақырған да
сенсің.
Алатауға ақша бұлттар
көшіп келеді,
Бір шетелдік ағайын,
Алматыны
Тәуелсіздікті тербеткен
бесік деп
еді!
Ештен кеш жақсы деген,
халайық,
Дүние бұлай кешікпеп еді
қазағымның
қуаныштан тамған
көз жасындай
Күн сайын Тәуелсіздік
өсіп келеді!
Арғымақ асау
Тәуелсіздікке
Сыйлап тұлпар
әперейік,
ағайын!
Күн сайын Тәуелсіздікті
қанаттандырып
Мәпелейік, ағайын!
Көзімізбен көрдік, бәрін де кеше біздер
Жасампаз ұрпақтың алдын қақпайық
Тәуелсіздік Алатаудай
тік тұрсын десеңіздер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter