file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.09.2023
  198


Автор: Шөмішбай Сариев

Еске алып ғажайыптай

Еске алып ғажайыптай
өткенімді,
Аялап ұшырғандай
көкке күнді,
Адасып қалғандай
бір аққуымнан,
Мен іздеп кеттім сол бір
көктемімді...
Тартқанда домбыраны тыным алмай,
Бола ма жүрегіңнен күй шығармай.
Көктемгі мен іздедім жусандарын,
Ғажайып қош иісті исі қандай!
Көз салсаң көк белдерге шыға қарап,
Көз тартар қызғалдаққа тұнады алап.
Мен іздеп кеттім сол бір көктемімді,
Алқызыл алаулаған гүл аралап.
Мен жартас болмасам бір жатқан ұқпай,
Ұстатпас сауырынан сақ балықтай.
Көктемді мен іздедім ақша бұлттан,
Жаныңа жайлы тиер ақмамықтай.
Махаббат дерті маған ем көрінген,
Жүргендей сахарада шөлдедім мен,
Арудай айдынында аққу жүзген,
Келемін көктем іздеп көлдерімнен.
Жанымнан оттан ыстық өрт сездірген,
Жатқызшы алай-былай дерт кездерген,
Табиғаттың ғажайып төрт маусымы,
Өтемін Көктем іздеп төрт мезгілден.
Жаныма жамай берме текке мұңды,
Басым деп өршіп жанған өрт көңілді,
Адасып қалғандай бір ормандарда,
Мен іздеп кеттім сол бір көктемімді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу