Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2023
117

Асықпа
Түніменен бір сені ойлап
шықтым мен,
Сені ғана сүйеді екем
ұқтым мен.
Өзіңменен бір оңаша сырласып,
Кездесуді,
кездесуді күттім мен.
Мынау жүрек бір өзіңе ғашық па,
Арнасынан асқан сезім тасып та,
Жүздесуге асықсаң да, жан қалқам,
Кездескенде қоштасуға
асықпа!
Барады өтіп сері көңіл, сал дәурен,
Дүниеде өзің екен жан сәулем
Түніменен жұлдыздарға
сыр аштым,
Бір өзіңді,
бір өзіңді аңсаумен.
Мен білмеймін үнсіз ғашық шырқай ма,
Дүниеде гүл мен сезім, тіл майда
Өзіңменен жолдар қайта тоғысып
Жолығатын,
жолығатын күн қайда?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇