Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2023
149
Өлеңсіз болған емес бір күнім
Өлеңсіз болған емес бір күнім,
Жатқызбайды өзі қозғап шіркінің,
Кейде өлең самал жел боп аймалап,
Кейде мені дауыл болып сілкідің.
Өлеңсіз өткен емес бір күнім,
Өлеңсіз болған күннен үркідім,
Нөсерлеген түндерімнен ояндым,
Мен өлеңнің естіп әр күн күркүрін.
Өлеңсіз оянған жоқ бір күнім,
Әуен болып келеді ғой шіркінің.
Ұлы дария ағысымен бірге ағып,
Ұлы теңіз толқынымен бұлқыдың.
Жұлдыздарын шашуменен түн-түнім,
Мұны, бәлкім, біле бермес кім-кімің.
Алдымнан шығады да ақ таңым,
Өлеңсіз сәлем бермес бір күнім
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter