file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  06.09.2023
  171


Автор: Шөмішбай Сариев

Елбасының жолдауы

Елбасының жолдауы –
Туған елдің толғауы,
Әрбір сөзі, толғамы –
Халқым-жұртым, ел қамы.
Сезім отқа шарпылды,
Ойға батты әртүрлі,
Қалай, қайтіп жеткізем,
Туған елім, халқымды?!
Түтіп жібек түбітін,
Елден үзбей үмітін,
Тебіренді Елбасы,
«Қазағым» деп күні-түн.
Алға қадам басар ма,
Биік белес асар ма,
Амандығы осы елдің
Қамықтырар қашанда!
Көрген емес құрғатып,
Дүние дәмін тұр татып.
Тәуелсіздік тұғырға,
Жетуі елдің бір бақыт.
Күндеріңді ұрлатып,
Жүрегіңе мұң батып,
Тәуелсіздік тұғырды,
Ұстап тұру – мың бақыт!
Дұшпан шошып түңілді,
Көздер бізге үңілді.
Мойындады бар әлем,
Қазағымды Бүгінгі!
Жайған жұртым өркенін,
Білем бүгін – көркемін.
Бүгінгі күн – бүгінгі,
Алаңдатар Ертеңім!
Айналдым жарық Күнімнен,
Күн батар деп түңілмен.
Ал, Ертеңнің бәрі де
Басталады Бүгіннен!
Шындықты қолдап, сан қостар,
Бірлігі – биік жан достар.
Бүгінгі Күннің Жолдауы,
Болашаққа жол бастар!
Әнұраным – асқақ ән,
Бір бақытқа бастаған.
Аман болса, қазағым,
Аман болса, Астанам!
Әрбір жүрек – дара тау,
Қарияларым – Қаратау,
Аман болғай – Сарыарқам,
Аман болғай, Алатау.
Оза туып таңы алдан,
Жапырақ жайды жаңа орман.
Аман болғай, Бәйтерек,
Аман болғай, Ақордам!
Тірлікке сыйлап жылуын,
Жер де алмас тынымын,
Ең жақсы Күн – Ертеңім,
Ең жақсы Күн – Бүгінім!
Туған ел деп толғауы,
Бақ-береке орнауы.
Ұлы елімнің Ертеңі –
Елбасының жолдауы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу