file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  124


Автор: Шөмішбай Сариев

Неге мені...

Неге мені,
неге мені,
сүйгенің,
Баурап алып,
жан-жүректі биледің.
Бір дәрменсіз
күйді кешіп алдыңда,
Жұмбақ маған
неге басты игенің.
Әлде осы
шын сүйдім бе,
білмедім.
Құпия сыр,
шештің жұмбақ ілгегін.
Қайталанбас
ғажап сезім күй кешіп,
Бүршік жарып,
мен алдыңда гүлдедім.
Шомылдырып нұрларына
жаңбырдың,
Сезіміңмен сан өртедің,
жандырдың.
Неге мені,
неге мені сүйгенің,
Жалғыздықпен
сырласуға қалдырдың.
Айналар бәйтеректей
терегіне,
Махаббатсыз дүниенің
керегі не,
Өйткені сен,
әйел едің теңіздей,
Тартатын тағдырлардың тереңіне!
Жастық шақ
толқындайын тулап өту,
Шат шадыман
шалқып бір шулап өту,
Әйелді
толқын атқан теңіз десем,
Аржағы бұл өмірдің суға кету...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу