file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  202


Автор: Шөмішбай Сариев

Мен сені сағынғалы күн қашан

Мен сені сағынғалы күн қашан,
Өз-өзіммен іштей ғана сырласам.
Махаббаттың отына бір шарпылып,
Бұл дүние айналмай ма жырласам.
Мен сені сағынғалы сан күндер,
Бұлдыраған көгім – аспан, алдым – жер.
Сағынышпен самғағанда дүние,
Қыран дағы қос қанатым талды дер.
Мен сені сағынғалы сан күндер,
Бұлдыраған көгім – аспан, алдым – жер,
Сағынышпен самғағанда дүние,
Қыран дағы қос қанатым талды дер.
Мен сені сағынғалы сан бір ай,
Өте шықты күндер ояу, қалғымай.
Жүректегі алаулаған оттарым,
Сағыныштан қайта өртеніп жанды ма-ай.
Арман екен ақиқатпен кездесу,
Алыс-алыс сапар кешу, сөз кешу.
Сағынышпен бірдей екен қуаныш,
Қуаныштың ең үлкені – кездесу.
Бұл өмірде ойналық та, күлелік,
Баянсыздау ғұмыр барын білелік.
Бұл дүние сағыныштан құралған,
Қашан болсын сағынумен жүрелік.
Жүрегіңді жүздесіп гүл етермін,
Алыс кетсем мен мүмкін жүдетермін.
О, менің аманбысың сағынышым,
Сен барда мен өмірде тірі екенмін!
Қандай жақсы о, дүние, кеңдігің,
Аймалайын айым атып, кел, күнім.
Махаббаттан биік екен сағыныш,
Сағынышқа басымды идім мен бүгін!..
Айналса да асау тағдыр тірекке,
Сан адамдар жете алмаған тілекке,
Басымды идім сағындырған әйелге,
Сағынышты әйел еккен жүрекке!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу