Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  374


Автор: Шөмішбай Сариев

Көз – сұлулық жанары

Көз – сұлулық жанары,
Бір бұрылып қарады.
Жүрегімді толқытып,
Жанымды өртеп барады.
Көз – сұлулық зердесі,
Көз – жүректің пернесі.
Жүрегімді, жанымды,
Тербей берші, тербеші.
Сүйдім сені сезіммен,
Бақыт көрдім өзіңнен.
Үнсіз сырды ақтарған,
Айналайын, көзіңнен.
Көз – сұлулық шырағы,
Көз – арманның бұлағы.
Бәрі келіп жүрек пен
Жанарыңда тұнады.
Көз – сұлулық сырлары,
Қос жанарда тұр бәрі.
Қарашықта жазылған,
Қуанышы, мұңдары.
Мұң-қуаныш кезінде,
Жатып тұнған сезімге,
Дәл осындай сұлулық,
Әрбір әйел көзінде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу