Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  102


Автор: Шөмішбай Сариев

Әйел деген әйел ғой

Әйел деген әйел ғой,
Бізге әйелсіз ауа жоқ.
Әйел деген әйел ғой,
Әйелдікке дауа жоқ.
Әйелі болсын қай елдің,
Шығу қиын қыстауда.
Бар есебі әйелдің,
Бір күйеуін ұстауда!
Еркек деген еркек қой,
Ерлік тұрар ойында.
Еркек деген еркек қой,
Намыс тұрар бойында.
Еркек әйел алдында,
Биіктеген сан ерлер.
Еркек әйел алдында,
Өзін-өзі дәлелдер.
Қарауменен әйелге,
Талар екі көзі де.
Дәлелдеумен әйелге,
Биіктейді өзі де.
Әйел-еркек арасы,
Қосу болар бастарын.
Әйел-еркек арасы,
Жақындауы қас-қағым.
Алыстауы әйел-еркек арасы,
Сезім жанып тынғанша.
Алыстауы әйел-еркек арасы,
Көзді ашып-жұмғанша.
Сондықтан да әйел-еркек қашанда,
Сақтау үшін ұятты.
Сондықтан да әйел-еркек қашанда,
Қалт жібермес шекарашы сияқты.
Шекараны бұзғаның,
Сатылатын сияқты.
Шекараны бұзғаның
Алдын-ала атылатын сияқты...
Тасқа ұрып бастарын,
Еркектердің жанарында шоқтар тұр.
Қалт жібермес қас-қағым,
Әйелдердің көздерінде оқтар тұр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу