Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  67


Автор: Шөмішбай Сариев

Әйел деген өмір ғой

Әйел деген өмір ғой,
Ал, өмірден артық дәулет бақ бар ма?!
Әйел деген өмір ғой,
Жазы атқан жайсаң жастық шақтарда.
Әйел деген Бақыт қой,
Бақыт ойлап ғұмыр кешкен жандармыз.
Әйел деген Бақыт қой,
Бақыт үшін бір-бір жанған шамдармыз.
Әйел деген қазына,
Байлық-дәулет арттырар.
Әйел деген қазына,
Тыңдамасаң тағдыр азап тарттырар.
Әйел деген бал-шырын,
Татқан сайын таңдайыңнан кетпейтін.
Әйел деген бал-шырын,
Тәттілердің бәрі де оған жетпейтін.
Әйел деген әйел ғой,
Әйелдігі қалмайды.
Әйел деген әйел ғой,
Шөлі ешқашан қанбайды.
Әйел деген әйел ғой,
Көзі оттай жанғанда,
Әйел деген әйел ғой,
Суға кетсең таңданба?!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу