file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  126


Автор: Шөмішбай Сариев

Ойлар да көктен самсайсың

Ойлар да көктен самсайсың,
Бостандық тілеп аңсайсың.
Шаршатады бұл өмір,
Әйеліңнен де шаршайсың.
Бәрін де іштей бүлінтіп,
Сырларға терең үңілтіп.
Түңілтеді бұл өмір,
Өзіңнен де түңілтіп.
Жұлдыздар көктен самсайсың,
Жетсем деп айға аңсайсың.
Әйел әйел болғасын,
Сұлудан да шаршайсың.
Әйелдің жаны, өзі нұр,
Жетеді жігер төзімі.
Шаршатпайды өмірде,
Әйелдің ыстық сезімі.
Толқын да аунап құшады,
Құстар да биік ұшады.
Өмірдің үлкен жұмағы –
Әйелдің ыстық құшағы!
Бәрі көркем сәндіге,
Қайраты мол әлдіге.
Құшағынан әйелдің,
Тұншығасың мәңгіге.
Олай да бұлай ағылыс,
Қашып шықсаң – сағыныш.
Айналып ыстық ұядан,
Ұшып шықты тағы құс!..
Бәріне енді жан сауға,
Жаралған әйел аңсауға.
Тартылыс жердің күшіндей,
Беттейсің қайта шаршауға!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу