file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  137


Автор: Шөмішбай Сариев

Сағынумен күн жатты

Сағынумен күн жатты,
Әйел – сұлу сымбатты.
Сағынумен түн батты,
Әйел – арман қымбатты.
Талғампаз жүрек талғамай,
Әйелдей ерді күтер ме?!
Әйелге ерлік арнамай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Ақ түскенше шашыңа,
Шығатын түсіп жолыңа.
Әйел – бақыт басы да,
Аяқталар соңы да.
Жағатын сезім шырпысы,
Ғашық иірім сәлеммен.
Әйелдің әрбір күлкісі,
Қымбат мынау әлемнен.
Қиылып көзді қадаса,
Жүрекке садақ шаншылар.
Бұрылып саған қараса,
Бойыңнан бұлақ тамшылар.
Әйел –өмір өлшемі,
Бағалай алар тірлікті.
Бақыттың жарты бөлшегі,
Қалайтын ермен бірлікті.
Әйелдерге әр еркек,
Таңдай алса бас тұлғаң.
Әйел үшін бар еркек –
Басын тау мен тасқа ұрған.
Тіршіліктің қымбаты,
Әйел боп сұлу шықты елес.
Әйел ғой өмір сымбаты,
Әйелсіз өмір түк те емес.
Жеңу де қиын ғасырды
Ғасырды жеңген жеңісім:
Әйелге ием басымды,
Әйелді сүйем сол үшін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу