Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  94


Автор: Шөмішбай Сариев

Әйел – өмір бұлағы

Әйел – өмір бұлағы,
Әйел – өмір шуағы.
Әйел деген қызғаныш,
Қызғаныштан тұрады.
Әйелді аңсап асықтық,
Шалқып жүрек тасыттық.
Қызғанышта – махаббат,
Қызғанышта – ғашықтық.
Білем әйел көркемін,
Ойлар бүгін, ертеңін.
Қызғанбаса – әйел ме,
Қызғанбаса еркегін.
Әйел – адам ол дағы,
Махаббатты толғады.
Қызғанышы әйелдің,
Өрт болмаса болғаны.
Әйел – сұлу еркелер,
Әйел – күйің шерте бер.
Қызғаныш та қызыл өрт,
Жел сөзбенен өртенер.
Қызғаныш – өрт сөнбейді,
От боп сүйе бермейді.
Қызғаныш өрт бел алса,
Өртің ие бермейді.
Қызғаныш өрт бел алып,
Басқа ұрғаннан сақтасын.
Тас қылғаннан сақтасын,
Қызғаныш өрт бел алып,
Асқынғаннан сақтасын.
Әйел – өмір, қозғалыс,
Сөз – мылтық та, сөз – намыс
Алдын алмай болмайды,
Әйел өрті қызғаныш!..
Әйел дерті — Қызғаныш!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу