file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  331


Автор: Шөмішбай Сариев

Еркек-әйел қиялдайды

Еркек-әйел қиялдайды,
Кім сұлуды сүйе алмайды,
Әйелдер ардан кетсе,
Еркектер жия алмайды.
Салмақтап көз сал әлемге,
Қай жерде болсын, қай елде.
Ұлт намысы – еркекте,
Ұлттың ары – әйелде.
Еркек-намыс аттанар,
Ар әйелге – бақ қонар.
Әйел – гүлі өмірдің,
Тағдырымен тапталар.
Бақыт іздеп келеді,
Сүйер жанға сенеді.
Әйел – гүлі өмірдің,
Нәзіктікпен жеңеді.
Нәзік дүние көне алмас,
Берер соққы ең алғаш.
Еркек-намыс от шашып,
Қаталдықпен жеңе алмас.
Көп қой шеңгел-тікені,
Жыл да жүріп бітеді.
Нәзік дүние қашан да,
Қаталдықты күтеді.
Жұлдыздар да сөнеді,
Сенбей кейде сенеді.
Қаталдық пен нәзіктік,
Қатар жүріп келеді.
Әлсіз кейде мықты бар,
Құтсыз кейде құтты бар.
Еркек пен әйел тоғысып,
Намыс пен ардан ұлт туар!
Салмақтап көз сал әлемге,
Қай жерде болсын, қай елде.
Ұлт намысы – еркекте,
Ұлттың ары – әйелде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу