Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  411


Автор: Шөмішбай Сариев

Сол бір ауыл...

Жер бетінде бір кішкентай ауыл бар,
Сол бір ауыл – туған жерім, бауырлар.
Жылдар жылжып, жатса да өмір жаңғырып,
Сол ауылға басымды ием мәңгілік!
Мен білмеймін бармаймын ба, барам ба,
Туған жерден қымбат бар ма ғаламда.
Сол ауылда менің Меккем-Мәдинем,
Сол бір ауыл – менің әкем, анам да!
Көзім салып кең дүниеге қарадым,
Жұпар қандай жусан исі даланың.
Сол ауылда көзімді аштым алғаш мен,
Сол ауылда қаз-қаз басқан қадамым.
Жер бетінде бір кішкентай ауыл бар,
Сол бір ауыл – туған жерім, бауырлар.
Ондай жер жоқ, бір мен үшін әлемде,
Ұшқан құстар сол ауылға сәлем де.
Әжем айтты асыл сөзді: «қарағым»,
Қасиетін көрдім ұлы даланың,
Сол бір ауыл, сол ауылда бала кез
Өмір бақи шөлдеп өскен баламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу