file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  157


Автор: Шөмішбай Сариев

Армансыз бір қыдырдық

Армансыз бір қыдырдық
Айнала әсем, жол тыныш.
Шөл далада – сұлулық
Шөл далада – қорқыныш.
Үнсіз жатқан құмдардың
Қойныңда әсем сырлар бар.
Үнсіз өткен жылдардың,
Ойында әсем мұңдар бар.
Қызықтап жұрт келер көп,
Желмен құмдар жылжыған.
Құм астында нелер жоқ,
Шыға келер құм жылан.
Кеудесін дерт өртеді,
Боран борап сан ызғар.
Құмның асты – ертегі,
Құмның асты – аңыздар.
Ақшағыл құм – ақша қар,
Апыр-ау қиын сабазды.
Құмда жалғыз ақсақал,
Оқып тұрды намазды.
Сағым болып сонау шың,
Көре-көре құмды алдан.
Құмда жалғыз жолаушы,
Келе жатты жұмбақ жан.
Қанаттанып қайырылып,
Толтырмақ қыран ортаны.
Ортасынан айрылып,
Жалғыз көкжал жортады.
Келеді, әне, палуан,
Басылар ма аңқаң бір.
Жолдары да алуан,
Шөл далада – сан тағдыр.
Бір қарасаң жұбаныш,
Тудырар тағы бір ойды.
Шөл дала бұл – қуаныш,
Шөл дала бұл – үрейлі!..
Іштей біздер жалғызбыз,
Жалғыз қалсақ қорқамыз.
Алдың – аяз, алдың – күз,
Ортаймасын ортамыз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу