file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  126


Автор: Шөмішбай Сариев

О, замандас

Түсін мені,
Замандасым, ғасырлас.
Шөл даламның
Махаббаты басылмас.
Шөл даламның
Бекер бұлты ашылмас,
Түсін мені,
Замандасым, ғасырлас!
Шөл даламның
Ғашық дерті басылмас,
Шөл даламның
Асыл дерті басылмас,
Сүйген жанға
Жан-жүрегін жасырмас.
Шөл даламның
Ғашық дерті басылмас.
Қонған бағы
Ырыс-байлық азық тұр.
Ұшқын емес,
Қос қанатын жазып бір
Шөл даламның
Төзіміндей сексеуіл,
Шөл даламның
Махаббаты нәзік гүл.
Қуана да,
Білетін бұл – шөл далам.
Мұңая да
Білетін бұл – шөл далам.
Жұбана да,
Білетін бұл – шөл далам.
О, Замандас!
Атыңды айтшы сен маған?!
Менің демім –
Тыныс алған Ел демі.
Жанымды ұғар
Жан болсаңыз зерделі
Шөл даламды
Түсінесін сен ақыр
О, Замандас,
Түсінгенде сен мені?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу