file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  132


Автор: Шөмішбай Сариев

Теңіз шықсаң әрі ұзап

Теңіз шықсаң әрі ұзап,
Ащы суда – шөлдесің.
Арал деген аңызақ,
Желге ұстаған кеудесін!..
Біле-білер бәрін кім,
Арқамызда жүр қамшы.
Өркеш-өркеш нарын құм,
Су сұраған бір тамшы.
Тағдыры үнсіз орманмен
Теңіз жүздім толғана.
Теңіз үсті болғанмен,
Теңіз дағы шөл дала.
Кемеден бір түсе алмай,
Ақиқатқа қанықшы.
Теңіз ащы, іше алмай,
Аңқасы кепкен балықшы.
Дала да шөлдеп жатады,
Теңіз де шөлдеп жатады,
Сағынып таңым атады,
Қия алмай күн батады.
Тамшыда тірлік – біле біл,
Таңдайға тисе – тірегің,
Далам – теңіз арасы –
Шөл кернеген ұлы Өмір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу