file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  239


Автор: Шөмішбай Сариев

Туған жерім...

Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым,
Шөл даладан,
Гүл, қалаға айналдың.
Кешегі күн
Дидарыңда – мұң бұлты,
Бүгінгі күн
Келбетіңе қайранмын.
Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым.
Туған жерім –
Сені ойлап шөлдедім.
Сағынышым –
Маған маза бермедің.
Бар әлемнен –
Сендей жерді таппадым,
Сенен ыстық,
Жерді әлемнен көрмедім.
Туған жерім,
Сені ойлап,
шөлдедім.
Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым.
Шөл даладан –
Гүл далама айналдың.
Бір сені ойлап
Бұл өмірге қуандым,
Бір сені ойлап
Жүрегіме қайғы алдым.
Туған жерім –
Сенен мәңгі айналдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу