file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  110


Автор: Шөмішбай Сариев

Шөл

Жырлауға көрмей қалай бата аламын,
Білмеймін қайда бастап апарарын.
Құм кешіп балтырыммен, құмда аунаған
Мен де бір перзентімін сахараның.
Сахара – бар арманы, бар құштары,
Жападан жүре алмассың жалғыз тағы.
Шөліркеп шілде-тамыз аптабында
Шөлдеп жүріп күн кешкен аң-құстары.
Ықылым заманмен де, сен, ғасырлас,
Тұңғиық тереңінде көлде асыл тас.
Адамзатқа мәңгілік махаббаттан,
Сен сұлусың Сахара шөл басылмас!
Мен сенсіз көз жасымды көл етем ғой,
Сағыныш мұңы тәтті шер екен ғой.
Бірде жақын, бірде алыс сағымдардай
Ғашықтық өмір бақи шөл екен ғой.
Айдыны жүрегімді тербеп өтер,
Көңілім аққу жүзген көл деп өтер,
Бір шөлім басылса да шөл далада,
Бір басылмай махаббат шөлдеп өтер!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу