file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  141


Автор: Шөмішбай Сариев

«Шөл дала» дейді, «шөл дала»

«Шөл дала» дейді, «шөл дала»,
Шөл далада тегін адам жүрмейді.
«Шөл дала» дейді, «шөл дала»,
Шөл далада өмір барын білмейді.
Көгінде әсем кең дала,
Тағдыры – жел, бұлттар жылжып көшеді.
Шөлейт дала, шөл дала,
Шөл далада құмдар ғұмыр кешеді.
Өзендердей толқыны бар ағыны,
Тыңдай білсең сұлу құмдар жүрегі.
Тереңге тартқан тамыры,
Сексеуіл мен жыңғыл өмір сүреді.
Алыстайтын жүзсе арман,
Сағымдар бар айналатын жақынға.
Киік-бөкен із салған,
Сұлулық бар қақ тұрмайтын тақырда.
Шөл далада сұңқар көп,
Жаз әуені күйдің сазы тербеумен.
Дүниеге іңкәр боп
Шөл далада өмір кештік шөлдеумен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу