Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  155


Автор: Шөмішбай Сариев

Шөлдеп өткен қазақпын

Шөл даламын,
Бостандыққа шөлдеген,
Шөл даламын,
Өксік ойлар кернеген.
Шөл даламын,
Күйі үзілген пернеден,
Шөл даламын,
Аңызақ ой тербеген.
Шөл даламын,
Шөлдеп өткен қазақпын,
Қашан-қашан
Атар-ау деп азат күн?!
Күнін күткем,
Ертегідей ғажаптың.
Шөл даламын,
Шөлдеп өткен қазақпын!
Қилы тағдыр
Күнімді ойлап шөлдедім,
Қилы тағдыр,
Тілімді ойлап шөлдедім,
Болашағым
Білімді ойлап шөлдедім,
Жүрегімді
Түсінесің бе, сен менің.
Кие болар,
Жерімді ойлап шөлдедім,
Ие болар
Елімді ойлап шөлдедім,
Осы жолда
Не бір тағдыр тартпадым
Осы жолда,
Не бір тағдыр көрмедім.
Кеудемді бұл,
Қуаныш-мұң кернеді,
Түсін мені,
Тереңірек сен мені
Тәуелсіздік
Ғасыр алға төрледі,
Сонда дағы,
Шөл даламның
Басылар ма шөлдері?!
Басылар ма шөлдері?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу