file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  135


Автор: Шөмішбай Сариев

Шөл даланың – құйын-ай!

Бір Құдайға сыйынып,
Жер дүниені үйіріп,
Құм аспаннан құйылып,
Борайтан бір жиылып,
Шөл даланың Құйыны-ай!
«Біссімілә!» дегізіп,
Желбауларды жел үзіп,
Жас келіншек бесікте
Отырғанда емізіп,
Тұтқи алдан соғатын,
Шөл даланың Құйыны-ай!
Беймезгіл бұл қонағы,
Аспан-жерді орады.
Құйын-мінез кей адам,
Тұтқиылдан соғады.
Шөл даланың Құйыны-ай!
Тағдыр баста қиын боп,
Жаралады жүректі.
Шөл далада құйын боп,
Ашаршылық жыл өтті.
«Халық жауы» құйыны,
Халқымызды жүдетті.
Жетім-жесір қалдырған,
Құйын-соғыс жыл өтті.
Сонда дағы далама,
Тәңір берді тілекті.
Шөліркеген даланы,
Тәуелсіздік түлетті.
Шөл даланың құйыны-ай,
Тағдырлардың қиыны-ай.
Қазағымның үйірмесін үйін-ай!
«Біссімілә! Біссімілә» деуменен,
Пенде болсаң бір Құдайға сыйын-ай!
Еске салар тауқыметті, нәубетті,
Шөл даланың құйыны-ай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу