file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  177


Автор: Шөмішбай Сариев

Күн мен түн

Баллада

Түн мен күннің арасын
Жалғадым осы жырменен.
Қөздің ақ пен қарасын
Бөліп алған нұрлы әлем.
Түн мен Күннің бірінде,
Бір жағына тұрса ауар.
Абай ақын:—Ұлым,— деп
Ұлына қойған бір сауал:
— Ұйқы менен ояудың
Жағады,— депті — қайсысы?
Ақ пен қара бояудың,
Бағалы, депті — қайсысы?
Дәлелдеп бәрін толғанып,
Ойланып барып тап,— депті.
Баласы бір күн ойланып,
— Бағалы бояу — ақ,— депті.
Бұл сөзі ұлдың ұнамай,
— Дәлелсіз айту — жаманы.
Меніңше, — депті ұлы Абай,—
Қара бояу бағалы...
Түн түн болып толғаса,
Ойға батпас шақтар аз.
Қара бояу болмаса
Түк айтпайды ақ қағаз.
Адамға әсем, сымбатты,
Тұратын бояу жарасып.
Дүниеде қымбатты
Көзде емес пе қарашық?
Айтса да сөзін ояудың,
— Меніңше,— депті баласы —
Ақ пен қара бояудың,
Жер мен көктей арасы.
Ақынның ұлы саналы,
Ақылдан басын имепті:
— Ақ бояу қымбат болары,
Ақ емес пе Мый? — депті.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу