file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  121


Автор: Шөмішбай Сариев

Ақтық демім қалғанша

Жыр жазу деген затында,
Жұлдыз боп жану түнекте.
Еркіндік қажет ақынға,
Бостандық керек жүрекке.
Ақын боп тусаң атадан,
Өмірдің мәнін ұқ мұңнан.
Өзіңді-өзің матаған
Әуелі құтыл тұтқыннан.
Халінен елдің жай біліп,
Ақындар жайған әлемге.
Ақынға келген айбынып
Төренің өзі сәлемге.
Заман, заман болғалы
Қара жер, басы катерде.
Жайылмас мәңгі ол-дағы,
Ақыны болмай аты елге.
Өйткені ақын қаруы
Халқының ана тілінде.
...Сол тілде жүрек зәруі,
Сол тілде тәңір, пірім де!
Басқысы келер арыңды
Кей пенделер маған қас.
Туа біткен дарынды
Адам тартып ала алмас.
Аялап ана тілімді,
Қағармын қанат талғанша.
Аялап өтем пірімді
Ақтық демім қалғанша!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу