file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  410


Автор: Шөмішбай Сариев

Сәлем саған, қарт Каспий

С. Алтайбекұлына

Аспанменен астасқан баурайың көк,
Баурайыңды жырыммен баурайын деп,
Қарт Каспий, сені іздеп, келдім саған,
Құшағыңда балаңдай аунайын деп.
Қалар ма сен тұрғанда жан дамылдап,
Қарадым ұшаныңа сан таңырқап.
Құшағыңда шомылды қанша балаң,
Құшағыңда шомылды қаншама ұрпақ?!
Тірліктің жуып-шайып жасын тамған,
Тереңінде толқиды асыл маржан.
Тебіренген қарт Каспий — кәрі тарих,
Толқындары сөз алған ғасырлардан!
Ғасыр болып толғандың сөз алдың да,
Жазмыш жазған тағдырдан оза алдың ба.
Дәл осылай толғанып жатты-ау Каспий,
Кешегі бабалардың көз алдында...
Осындай, қандай бақыт, өлкем бары?!
Көгілдір дүниенің көркем бағы.
Бүгіннің жанарынан бір-бір ұшып,
Толғанып жатар Каспий ертең-дағы!
Жүрегінен жалынды отты үзбеген,
Шағалаңдай шарқ ұрып көкті іздеген.
Қарт Каспийге аманат тағдырымыз,
Көкжиекке көзіңді жеткізбеген!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу