file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  148


Автор: Шөмішбай Сариев

Бақыт қой бұл өмірге бір келгенім

Бақыт қой бұл өмірге бір келгенім,
Дүние жанарынан нұр көргенім.
Көп ойлар сайрап жатыр көкейімде,
Көбіне көзім жетіп үлгермедім.
Алдымда бұлақ жатты шөл қанатын,
Теңіз жатты толқыны толғанатын.
Өзен жатты, алдымда жатты дария,
Құсымен жайды кұшақ көл қанатын.
Тереңдік тартты мені тұнған мұңға,
Шөл деген — мәңгілік шөл, бір қандым ба?
Көлге де шомылсам да жайды құшақ,
Дарияда жүзсем-дағы тұрды алдымда.
Көл, бұлақ, теңіз қанша нұрлы небір,
Дария, өзен қанша сырлы не бір...
Тұңғиық тереңіне сүңгісем деп,
Жағаңда, тік жарыңда тұрмын, Өмір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу