file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  189


Автор: Шөмішбай Сариев

Бәрінен де не қымбат?

Жүрек қымбат, жүрекке жаның қымбат,
Пәк жаныңа ожданың, арың қымбат.
Махаббаты айнымас жарың қымбат,
Адамға туып, өскен ауыл қымбат,
Бір туған, бір анадан бауыр қымбат,
Намыс қымбат, қол жетпес арман қымбат.
Халқың қымбат, қашанда елің қымбат.
Отан қымбат, Отанға антың қымбат,
Антың қымбат, антыңа сенім қымбат.
Ана тілің, домбыраң, күйің қымбат,
Дастарқанда —қонақжай сыйың қымбат.
Бесік қымбат, ұл-қызың — ұрпақ қымбат,
Өмір қымбат, от басың — үйің қымбат,
Әке қымбат, әруақ, бабаң қымбат,
Анаң қымбат, туған жер — далаң қымбат,
Бұл өмірге баянды болашағың —
Бауырыңнан жаралған балаң қымбат.
Ақыл қымбат, тереңде — жақұт қымбат,
Жақұт қымбат, жақұттай бақыт қымбат,
Бәрінен де, не қымбат Адам үшін?
Бәрі қымбат!.. Бәрінен Уақыт қымбат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу