Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  100


Автор: Шөмішбай Сариев

Болса да бұл өмірдің көп қызығы,

Болса да бұл өмірдің көп қызығы,
Еңбексіз дүниенің жоқ қызығы.
Тірлігің тірлік емес, еңбек жанып,
Жаныңды жылытпаса от қызуы.
Еңбекпен ел ішіне шығар атың
Бақыт пен Қуаныштан құралатын.
Еңбек деген өз отың, өзің жағып,
Шоғына жылынатын рахатың.
Жатқанда жүрегіңде шоғың мұздап,
Келсе де, тоқмейілдік көңілге аздап.
Еңбекке еркелігің жараспайды!
Ерке бол, ерке болсаң өмірге аздап!
Болса да бұл өмірдің көп қызығы,
Еңбексіз дүниенің жоқ қызығы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу