file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  111


Автор: Шөмішбай Сариев

Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен?

Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен?
Бүгін болмас мақсатқа бір күн жетем.
Құрсағыңда жатқан бір перзентіңдей,
Бүйіріңді жер-ана бүлкілдетем.
Мен солай келіп жетем қайта өмірге,
Тірлікте табынамын қай тәңірге?
Күндерін көңілімнің көтереді,
Кең қазақ даласы атты байтақ ірге.
Сөз — тәңірім, сөз — патша, сөз — болысым,
Айтысар тағдырымен өз жолы үшін.
Өмірге өзі тігер өз отауын,
Өмірден өзі табар өз қонысын.
Жанымда жалын-отым жанады ақыр,
Бұл жырым да жазылды...
Қара да тұр.
Байқасам менен өзге өмірі бар,
Енші алып перзент өлең бара жатыр.
Бүгін болмас мақсатқа бір күн жетем,
Бүйіріңді, жер-ана, бүлкілдетем!
Шексіз жыры! Жырланар Өлең — Өмір,
Өмірге ғашық болмау мүмкін бе екен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу