file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  133


Автор: Шөмішбай Сариев

Сағыныш

Ақын Зейнолла Шүкіровтің достарына

Туған жер топырағы — құмға асыққан,
Арал келсе, сағынып Сырға асыққан.
Сырға келсе, Алатау шыңға асыққан,
Шүкіров Зейнолла атты, Зекең атты
Теңіздің толқынынан тұлға шыққан.
Кеудесі армандарға алып ұшқан,
Мейірімді жанарынан жалын ұшқан,
Жамандық атаулыға жаны дұшпан,
Шүкіров Зейнолла атты, Зекең атты
Жаралған жан еді бір сағыныштан.
Бір дерті болса-дағы жатар аңдып,
Табиғат дарын берген атар таң ғып.
Көрсетті тірлігінде қаһармандық!
Қаһармандық жетпеді көбімізде,
Біз соны айтуға да бата алмадық.
Төріне төрлегенді тынықтырьш,
Көңіл сұрай келгенін ұмыттырып,
Сауықшыл әнді айтатын сыр ұқтырып,
Жанында — досы өлең, жолдасы — ауру,
Аурумен сөйлесетін күліп тұрып.
Күлетін өз-өзімен жөтелгенде,
Тағдырына күнә артпай өтер пенде,
Борышы адамзаттың өтелген бе?
Кеуде еді құдіретті ескерткіштей,
Достары құшағына ап көтергенде!
Өлеңге беріп кетті тозбас жанын.
Өмірде ойламады өз бас қамын,
Мен артық бұл өлеңге сөз қоспадым,
...Бір досы да бара алмай қалды ақынға,
Ол болса мәңгі күткен өз достарын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу