file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  04.09.2023
  98


Автор: Шөмішбай Сариев

Есік пен төр

— ЕСІК пен ТӨР,
Бекерге ұйқаспайды:
БЕСІК пен КӨР —
Деген едік біріміз-бірімізге,
Ұйқастар оралғасын тілімізге.
Ауыл таңы ататын бір уақытта,
Шамдары бірге жанып түнімізде.
Теңіздің толқыны еді бесігіміз,
Ұшанда тоғысқандай шешіміміз,
Поэзня болатын тұңғыш рет,
Өмірден имене ашқан есігіміз.
Біз үшін көр жақын ба,
Төр жақын ба?
Бір ерлік жасайтындай өр затында.
Біз үшін жауап берер ендігі сөз —
Саптағы поэзия солдатында.
Теңіздің ащы суын татып едік,
Ақын едік, тудырған ақын елі.
ЕСІК пен ТӨР қаншалық алыс болса,
БЕСІК пен КӨР қаншалық жақын еді!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу