file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  233


Автор: Шөмішбай Сариев

Алғаш тау көргенде

О, Алатау! Өзіңді жаңа көрдім,
Туған жерден алдымен дала көрдім.
Кеудеме толқын атқан нар өркешті,
Құмды өлке суретін сала келдім.
Тауларға керуен тартқан толы із көрдім,
Мен бұрын аққұм көрдім, теңіз көрдім.
Ерке өскен баласымын сол теңіз бен
Мақпалым, Қамыстыбас егіз көлдің!
Алдымнан жарысатын ак шағыл құм,
Тарқамас базарындай бал шағымның.
Жүгіріп жүргенімде жалаң аяқ,
Өткенін аңдамаппын қанша күннің?
Дүние шексіздігін жіті аңдадық,
Тарқауын базарымның күте алмадық.
Құм исі,
Күннің исі,
Жусан исі —
Мен келдім маңдайыммен жұпарды алып.
Сүт дәмі кетпегендей таңдайымнан,
Қайысқан бас айналып тал-қайыңнан,
О, Алатау, алдыңа келіп тұрмын,
Сен де мені сипашы маңдайымнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу