Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.09.2023
118

Аққұм
Еріндерін кезеріп,
Қатігездей безеріп,
Сан ғасырлар жаттыңдар,
Толқынындай өзеннің.
Сан ғасырлар ақтыңдар,
Өркеш-өркеш аққұмдар!
Толқындардай тасынған,
Аққұм, сонда шашылған,
Шуақ қандай,
таң қандай!
Тағдырыма бас ұрған,
Бір-бір төбе армандай,
Шегіп жатқан нарлардай!
Күйші құмдар, ән құмдар,
Жал-жал құмдар, жал құмдар,
Басын сүйеп ұлы көк.
Өркеш-өркеш нар құмдар,
Дүрліктіріп құдірет,
Көшіп жатқан сурет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇