file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  523


Автор: Шөмішбай Сариев

Төр

Өмірге Адам болып келдің екен,
Бауырым, буынғайсың белді бекем.
Есіктен аттағанда елің тұрып,
Алдыңа сыйлай салмас төрді бекер,
Бауырым, буынғайсың белді бекем.
Адам боп аттағасын табалдырық,
Оянар ойлы таңдай санаңда үміт.
Есік пен Төр арасы өмірлік жол,
Сол төрге жету арман аман жүріп,
Адам боп аттағасын табалдырық!
Дәстүрім дәстүр болған ғасырменен,
Төр өзі төрге айналған асылменен.
Аяқпен төрге ұмтылма, оу, ағайын,
Ұмтылсаң үмтыл төрге басыңменен.
Төр өзі төрге айналған асылменен.
Қазақпын қсиетті, елім де ерек,
Кім көрінген отырмас төрім бөлек,
Бабамның мирас еткен дәстүрі бар,
Жатады жат-бауыр да жолымды елеп,
Кім көрінген отырмас төрім бөлек!
Сән болып, сарай болып құтты еліме,
Алты қанат ақ үді тіккені де,
Өзің лайық бола алсаң төр лайық
Төрге лайық бола алсаң шық төріме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу