file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  201


Автор: Шөмішбай Сариев

Үй

Үй деген үйлеседі жүрегіңмен,
Жүрегім деп сезінер біле білген,
Әлемде одан артық жылылықты
Таппайсың! Таба алмайсың бұл өмірден.
Дүниеге келгеннеи, бала шақтан,
Үйдей ұя іздейсің болашақтан.
Үй деген қарапайым ошағымыз!
Отан да басталады сол ошақтан!
Үйім ғой ұлы сенім берген маған
Үйім деп бастағанмын елден қадам:
Алдымен далаға емес, үйге келер,
Ең алғаш дүниеге келгенде Адам!
Үйің боп сенімің де, тірегің де,
Жылынар жылып жаның, жүрегің де.
Басталар үйден жолың Дүниеге,
Басталар үйден сапар ұлы өмірге!
Көкейде көп арманым, көп алаңым.
Сол үйден мен өмірге жол аламын.
Жол жүріп арман кезіп аман-есен,
Оралсам — үйге қайтып ораламын.
Үй болып, үйім болып шаттанармын,
Бағыма баяны бар бақты алармын.
Өмірмен кош айтысып жол тартсам да,
Төрінен сол бір үйдің аттанармын!
Сол үйге сыйды бәрі сүйінгенім,
Бақытым, қуанышьш, күйінгенім.
Ұям болып басталып Ұлы Отанға,
Айналды қарапайым үйім менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу