file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  976


Автор: Шөмішбай Сариев

Ұсыныс

Қызыл Кітап, Қызыл Кітап тізімі,
Жылдан-жылга кебеюде қызығы...
Азайды Аққулар да, Қырандар да,
Ақ бөкен, Ерке жүйрік Бұландар да,
Жоғалып бара жатыр талай гүлдер,
Тұқым — тамыр үзілсе қалай бүрлер?
Құрдымға кеткені ме, өткені ме,
Даланың қайран отты шөптері де;
Өлкенің шөбі үшін де, талы үшін де,
Даламның гүл, құстары, аңы үшін де,
Жер беті тірлігінің бәрі үшін де,
Бекітуін сұраймын ұлы елімнен,
Ұсынамын ақындық жүрегіммен,
Ең алдымен, өмірде, ең алдымен,
Адамдардың өзі кеп бас иетін,
Кішіпейіл, пәк, адал Мінездерін,
Инабатты, ибалы Қасиетін,
Ізеттілік, Мейірбанаталатын,
Табиғатқа табиғи Махаббатын,
Табиғатқа тәңірдей бас иетін,
Жоғалтып бара жатыр қасиетін,
Жер атынан, құдіретті Күн-айдың,
Қызыл Кітапқа ендіруін Мен сұраймын!
* * *
Жылдан-жылға көбеюде қызығы,
Қызыл Кітап, Қызыл Кітап, Қызыл Кітап тізімі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу