file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  173


Автор: Шөмішбай Сариев

Өз орны бар

Күннің осы жылылығы жерден бе?
Түнгі аспанның жұлдыздары сөнген бе?
Мұхиттарда жүзе алмайды қайықтар,
Кемелерің қайырлайды көлдерде.
Тауқыметін тартарсың сен жолда сан,
Өз орныңда, өз орныңда болмасаң.
Әрбір адам өзіне лайық сай, ғұмыр
Кеше алмаса, оның бәрі — қайғы-мұң.
Қырандарғақиялықшы аспанын,
Аққуларға қиялықшы айдынын.
Шарапатты тигізбейсің сен елге,
Өз орныңда бола алмасаң егерде.
Өз орныңда болмағанның бәрі мұң,
Қара жерде өмір сүрмес балығың;
Қарлығаштар күндіз ғана ұшады,
Жарқанатқа қажет емес жарығың.
Тағдыр деген тауқыметті жолдарда,
Бақыттысың өз орныңда болғанда.
Адамзаттың аңдайтұғын жанары,
Бұл өмірдің жолдары бар салалы.
Сұңқарларға берелікші тауларын,
Тұлпарларға берелікші даланы.
Жүрегіміз шапағатын төгер ме,
Орнымызда бола алмасақ, егерде?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу