file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  229


Автор: Шөмішбай Сариев

Махаббат «теоремасы»

Мен естідім,
қалкам-ау,
сен естідің,
Махаббат теорема еместігін.
Аспаныңнан ағады метеориттей,
Қызық дәурен —
ғашықтық —
елесті күн.
Ессіз ғашык,
Көзсіз ғашық —
Талай жас түсінбей жүр.
Өңінде табыса алмай түсіндей гүл.
Жанына жай тапқызбас Махаббатың,
Жердіңұлы тартылыс күшіндей бұл!
Сол күшті жеңгендер бар —
жеңілгенде,
Сол күшке сенгенде бар —
сеніммен де.
Тартылыс ұлы күші –
Махаббаттан,
Бозбала не болады бөлінгенде?
Бөлінсе —
адаса ма бар бағынан,
Бар багының биігі —
арманынан?
Тартылысынан айрылса Махаббат,
Космостай айрылады салмағынан!
Салмақсыз —
күле алмассың жарқын етіп,
Салмақсыз —
өміріңнің нарқкы кетіп.
Салмақсыз—
табан тіреп тұра алмассың,
Хаостай дүниеден қалқып өтіп.
Қателіктер кеткенде —
түсінер ме?
Қателіктер кеткенде —
ісінен де!
Махаббат тартылысы құдіретті,
Жердің ұлы тартылыс күшінен де!
Інім саған айтарым,
жанымдай сыр,
Аспанында жастықтың ағындайсың.
Махаббаттың барына сеніп өтіп,
Сол күшке, табын, бауырым, табынғайсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу