file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  117


Автор: Шөмішбай Сариев

Эксперимент

Дүниеге келген ғұмырдың
Алғашқы ана сүтін емгені де,
Еңбектеп ұлы өмірге енгені де,
Тәй-тайлап, қаз-қаз басып көргені де,
Тұңғыш эксперимент!
Балалықтың тәтті дәмін татқаны да,
Ағындап өмірінің аққаны да,
Жоғалтып, тапқаны да,
Тұңғыш эксперимент!
Адамның арман асылы да,
Ғажайып құпия ғашығы да,
Көңілдің көк-жасылы да,
Тұңғыш эксперимент!
Өмірдің құпия қойнауына,
Адамның терең бойлауы да,
Ел, халқын ойлауы да,
Тұңғыш эксперимент!
Армандай туар таңның атары да,
Ең сәулелі ғылымның шапағы да,
Ғаламат ғарыштарға сапары да,
Тұңғыш эксперимент!
Азамат өмірдің марқаюы да,
Марқайып барып қартаюы да,
Төсек тартып жантаюы да,
Тұңғыш эксперимент!
Көтере алар қазаны да,
Баянды өмір базары да,
Адам үшін ажалы да —
Тұңғыш эксперимент!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу