Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  259


Автор: Шөмішбай Сариев

Заула, тұлпар уақыт ертеңіме

ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, ертеңіме,
Қиял-ғажап шежіре шертеді ме?
Болатын бір бақытқа ертегіде,
Жеткіз мені жалыңнан мен ұстадым,
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, ертеңіме!
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ,болашаққа!
Арманым биік еді бала шақта,
Өмірге бала болып қарасақ па?
Жеткіз мені сол арман шыңдарына,
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, болашаққа!
ЗАУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ,келешекке,
Алары бар, өмірге берешек те,
Халқына мәңгі қарыз – мені есепте.
Аманат жырым саған, жеткізгейсің,
3АУЛА, ТҰЛПАР УАҚЫТ, келешекке!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу