file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  109


Автор: Шөмішбай Сариев

Қателігім менің

Жүрегімнің жалынын,
отты берем.
Отты берем деуменен өтті белең.
Оралмайтын өмірде жоғалмайтын,
Қаншама қателіктер кетті менен!
Кемшілік құрайтындай мінезімді,
Ел шығып сұрайтындай мінезімді,
Қашсам да қателігім алдан шығып,
Адаспай табады екен бір өзіңді.
Сан рет сүрініппін сезімменен,
Қателік жасамайтын кезімде мен.
Жақсылығым достарға тез-ақ дарып
Кемшілігің қалыпты өзімменен.
Қателік — қиян асу,
белес пе екен?
Белесті жанарымда елестетем.
Кезінде қателікті көре білмеу,
Досымның осалдығы емес пе екен?
Торығатын жайым жоқ, торығатын,
Ойлы мезгіл жетті ғой оны ұғатын.
Кемшілікте кезең бір,
Өмір сыны,
Арман-үміт жолында жолығатын.
Баянсыз бұл дүниені бекер кешем,
Қапысыз қасқа жолмен жетем десем.
Қалай туар өмірде даналықтар,
Өмірден қателеспей өтем десең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу