file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  01.09.2023
  320


Автор: Шөмішбай Сариев

Соғыста қаза тапқан батырлар туралы ой

Қиды жанын,
Құйды қанын,
Нұр таңы үшін!
Көз жұмған жоқ өлімді қызық көріп,
Қоштасты олар!
Келер күн ұрпағы үшін,
Болашаққа өмірін үзіп беріп!
Қиядан ажал күткен қырандардай,
Шыңынан адалдықтың самғап өлді.
Мәңгілік алынбайтын ұрандардай,
Бүгін мен болашақты жалғап өлді.
Ажалға қарсы барды саспады да,
Елі үшін өлу деген ғұрып бар-ды.
Бірақ олар елінің аспанында,
Жұлдызы боп мәңгілік тұрып қалды.
Азаматқа елінің сенгені — сын,
Сол сенім жауды күл ғып жеңгені шын...
Батыр олар
Өлімнен қашып жүрмей,
Ажалды қуып жүріп өлгені үшін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу