file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  31.08.2023
  147


Автор: Шөмішбай Сариев

Білесің бе сен

Білесің бе сен,
Мен жаңа ес білгенде,
Сен-періште едің,
Балауса едің.
Жаңа-жаңа толысып келісті өңің,
Жәудір көз жанарыңмен қараушы едің
Білесің бе сен,
Көргем жоқ онда өзіңді сүйікті етіп,
Кемсінбеуші ем.
Сәби деп керегемді биіктетіп,
Бірақ, менсінбеуші ем.
Білесің бе сен,
Өзіңді есейтіп кетіпті,
Ауылда болмаған уақыттарым,
Өткен күн оралып келді есіме.
Махаббатын оятып бақыттардың,
Бір сезім құйыпты зердесіне.
Білесің бе сен,
Қарады ұрланып бір сәуле осы шақ,
Әуреге түстім бе бос анық.
Бір жігіт ап кетті өзіңе дос ұсап,
Жүрегімді де қоса алып.
Жалап өтті ызғар жанымды,
Онсыз жыр есілмес ең.
Сонда ең тұңғыш қызғанғанымды,
Білесің бе сен?
Білесің бе сен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу